Әлеуметтік көмектің атаулығы жасанды интеллект арқылы күшейтілуде


Новости / 02 апр 2026 19

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаевтың айтуынша, учаскелік комиссиялардың қызметі мобильді қосымша енгізу арқылы автоматтандырылған. Сонымен қатар, 2025 жылдың соңынан бастап тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың фотосуреттерін талдайтын және отбасының өмір сүру деңгейі мен мұқтаждық дәрежесін бағалайтын жасанды интеллект моделі енгізілді. Бұл ретте вице-министр аталған модельдің қазіргі таңда тек ұсынымдық сипатқа ие екенін атап өтті.

«Жалпы динамикада атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2023 жылғы 114 мың отбасынан 2026 жылы шамамен 30 мың отбасыға дейін азайғаны байқалады. Бұл өзгеріс мұқтаждықты анықтау дәлдігінің артуымен және негізсіз тағайындауларды қысқартумен байланысты», – деді спикер ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында.

Жергілікті деңгейде шешім қабылдау сапасын арттыру үшін әкімдердің цифрлық жұмыс орны енгізілді. Бұл жүйе 17 облыс пен 1786 ауылдық округті қамтиды.

«30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграция жүзеге асырылды. Соның арқасында ауыл әкімі өз округіндегі жағдайды толық көре алады. Бұл құрал әкімдерге қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар үшін жұмыспен қамту шараларын алдын ала болжауға және проактивті түрде ұсынуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бахтияр Жазықпаев.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.