Қазақстандық Naqty Onim мобильді қосымшасы 55 мыңнан астам рет жүктелген


Новости / 08 окт 2026 20

Тауарларды таңбалау кодтарын сканерлеуге және олардың түпнұсқалығын тексеруге арналған қазақстандық Naqty Onim мобильді қосымшасы 55 мыңнан астам рет жүктелген.

Қосымша арқылы пайдаланушылар 2,3 миллионға жуық таңбалау кодын түпнұсқалыққа тексерген.

Қосымшаның көмегімен тұтынушылар тауардың қаптамасындағы Data Matrix кодын сканерлеп, оның түпнұсқалығын тексере алады. Сканерлеуден кейін пайдаланушыға тауар туралы толық ақпарат және оның қозғалысы жөніндегі мәліметтер ұсынылады.

Егер міндетті таңбалауға жататын тауарда Data Matrix коды болмаса, зақымдалған немесе қосымша арқылы оқылмаса, тұтынушы бұл туралы Naqty Onim арқылы тікелей хабарлай алады.

«Бұл өтініш белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган тарапынан қаралады. Бүгінде бірыңғай оператордың мәліметінше, қосымша арқылы тұтынушылар таңбалау талаптарының бұзылуына қатысты 10 мыңға жуық өтініш берген», – деді сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.