Биыл су арналарын жаңғыртуға 5 млрд теңге бөлінді


Новости / 15 окт 2026 9

Сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту мақсатында коммуналдық кәсіпорындар тартатын кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі қарастырылған. Биыл осы мақсатқа 5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

«Бұл тетіктің негізгі мақсаты – су арналарына түсетін қаржылық жүктемені азайту және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін кредит қаражатын тартуға жағдай жасау. Бұл кәсіпорындарға тозған желілерді ауыстыру, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сенімділігін арттыру, сондай-ақ апаттар санын азайту бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет қарыз қаражатына қызмет көрсету шығындарының бір бөлігін өз мойнына алып, саланы жаңғыртуға қолдау көрсетеді, ал кәсіпорындар тартылған қаражатты инфрақұрылымды жаңартуға бағыттайды», – деді спикер.

Сонымен қатар коммуналдық қызметтердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тұрғындарға тұрғын үй көмегі түрінде қосымша әлеуметтік қолдау көрсетеді.

«Өңірлердің мәслихаттары отбасы табысының 5%-ынан 10%-ына дейінгі мөлшерде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындардың шекті рұқсат етілген үлесін белгілейді. Қазіргі уақытта жергілікті бюджет есебінен 400 млн теңге көлемінде төлем жасалды. Аталған қолдау тетігімен 8 мың алушы қамтылды», – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.