Қазақстанда 1,2 млрд-қа жуық дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланды


Новости / 08 окт 2026 23

Таңбалау жүйесі отандық және импорттық дәрілік заттардың өндіріс көлемін қадағалауға, сондай-ақ олардың сатылым көлемін талдауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда күн сайын 750 мыңнан 960 мыңға дейін дәрі-дәрмек қаптамасы сатылады. Дәрі-дәрмектің дәріханалардағы сатылымының ең төменгі көлемі жексенбі күні тіркеледі.

«Жүйе препараттардың өңірлердегі қалдықтарын бақылауға мүмкіндік береді: қай дәріханада, қай өңірде, қай елді мекенде тапшылық немесе артық қор бар екенін анықтауға болады. Платформаның өзі ауытқуларды анықтап, талаптардың бұзылу жағдайларын көрсетуге мүмкіндік береді», – деді сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі бұл жүйені дәрі-дәрмек бағаларын мониторингілеу үшін де пайдаланады.

«Мысалы, 2025 жылғы мамырда еліміздегі дәріханаларда «Ибупрофен» дәрілік затының орташа бағасы 1460 теңге болса, биыл қазан айында ол ең төменгі деңгейге – 941 теңгеге дейін түсті», – деді спикер.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.