Қазақстанда жедел-профилактикалық іс-шара барысында 1595 киберқылмыс анықталды


Новости / 21 окт 2026 12

Қазақстанда интернет-алаяқтықтың алдын алу және киберқылмыстарды ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Биыл 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шара барысында 1595 киберқылмыс анықталып, 917 бұрын жасалған қылмыс ашылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбай хабарлады.

«Осы қылмыстарға қатысы бар 724 адам ұсталды. Олардың 22-сі – шетел азаматтары. 97 адам қамауға алынып, іздеуде жүрген 8 адам ұсталды. Сонымен қатар, 1242 іс аяқталды», – деді спикер баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, заңға қайшы интернет-ресурстарды анықтау мақсатында интернет желісіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Ағымдағы жылғы 9 айда 82 мыңға жуық құқыққа қайшы интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жіберілді. Киберқылмыстың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.