Ұлттық стандарттар экономиканың негізгі салаларын қамтиды


Новости / 14 окт 2026 10

Бүгінгі таңда Нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай қорында 76 мың құжат бар. Оның ішінде 9 мыңнан астамы ұлттық стандарт, 27 мыңнан астамы мемлекетаралық стандарттар, сондай-ақ 37 мыңнан астамы халықаралық және шетелдік стандарттар. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстан экономикасының барлық негізгі салалары ұлттық стандарттармен қамтылған.

«Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік, метрология және өлшемдер, мұнай-газ өнеркәсібі, тамақ технологиялары, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер, басқару, көлік және әкімшілік салаларында стандарттардың ең көп саны шоғырланған. Ақпараттық технологиялар, металлургия, машина жасау және химиялық технология салаларында айтарлықтай нормативтік қор қалыптастырылды. Бұл стандарттаудың салаларды кең көлемде қамтығанын айғақтайды», – деді спикер баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар стандарттар құрылыс және құрылыс материалдары, электр техникасы, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, энергетика, теміржол көлігі, авиация, автомобиль жасау және телекоммуникация сияқты маңызды бағыттарды қамтиды. Ұлттық стандарттарды қолдану деңгейі 74%-ды құрайды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.