ҚР ІІМ: 2025 жылы 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді


Новости / 19 янв 2026 171

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға баса назар аудара отырып, аса шабуыл сипатына ие болды, деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейрхан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, 2025 жылы барлық құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар 4 мың есірткі қылмысының, оның ішінде 2700 есірткі өткізу фактісінің жолын кесті.

«Барлығы 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді. Синтетика бойынша прогресс ерекше байқалады, есірткінің бұл түрін алу көлемі шамамен 1,5 тоннаны құрады. Яғни, 4,5 млн бір реттік доза айналымға жіберілмейді. Жедел жұмыс пен инновациялық шешімдер кешенін пайдаланудың жаңа тәсілдерінің арқасында 128 есірткі зертханасы жойылды, оның 28-і синтетика өндірген», - деді спикер.

ІІМ өкілі сондай-ақ Қазақтан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру нәтижелеріне тоқталды. Есірткі құралдары мен прекурсорлардың тізбелері өзектендірілді, синтетикалық есірткілерді алу көлемі ұлғайтылды, бұғатталған сайттар мен құқыққа қарсы контент саны ұлғайтылды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.