Жоғары білім беру бағдарламалары еңбек нарығының сұранысына сай жаңартылады


Новости / 12 ноя 2026 18

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін еңбек нарығының нақты сұранысымен ұштастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, осы бағытта ауқымды зерттеу жүргізіліп, оған 73 мыңнан астам мемлекеттік және жекеменшік компания, мекеме мен кәсіпорын қатысты. Зерттеу нәтижесінде алдағы 3–5 жылға арналған кадрларға деген қажеттілік пен маман тапшылығы айқындалды.

«Ауқымды сауалнама нәтижесінде 238 білім беру бағдарламасы толықтай жабылды, 16 бағдарлама қайта қаралды, ал 407 жаңа білім беру бағдарламасы пысықталды. Енді мұндай жұмыс жыл сайын жүргізіледі. Осылайша, еңбек нарығындағы бір, екі және үш жылдық кадр тапшылығы тұрақты түрде анықталып отырады», – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, жаңа мамандықтар атласын әзірлеу жұмыстары аяқталды. Олар Қазақстанның әрбір азаматына қолжетімді болады. Сарапшылар, білім алушылар мен ата-аналар белгілі бір мамандықтарға деген ұзақ, орта және қысқа мерзімді тапшылықты көре алады.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.