Skills Enbek платформасында курс таңдайтын чат-бот пайда болды


Новости / 30 окт 2026 148

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби білім алуға арналған цифрлық қызметтерді жетілдіруді жалғастыруда. Skills Enbek платформасындағы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін чат-боттың мүмкіндіктері кеңейтілді.

Бұл функцияны «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ әзірлеген. Егер азаматтың Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында түйіндемесі болса, чат-бот ондағы білімі, еңбек өтілі мен дағдылары туралы мәліметтерді талдап, соған сәйкес келетін оқу курстарын ұсынады. Ал түйіндемесі жоқ азаматтар өздерінің кәсіби қызығушылықтары мен үйренгісі келетін дағдыларын өздері көрсете алады. Осы мәліметтер негізінде чат-бот бірнеше оқу курсын ұсынады. Ал қай курсты таңдайтынын азамат өзі шешеді.

Мұндай жеке ұсыныстар біліктілікті арттыруға, қосымша дағдыларды меңгеруге немесе басқа мамандыққа ауысуға қажетті курсты табуға мүмкіндік береді. Платформада тегін де, ақылы да курстар бар.

Қазір Skills Enbek платформасында 1,3 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген. Мұнда түрлі бағыт бойынша 568 онлайн курс орналастырылған. Оның 60 пайыздан астамы – тегін. Платформа жұмыс істей бастағалы бері 1,29 миллионнан астам сертификат берілген. 2026 жылдың тоғыз айында платформадан 114,8 мыңнан астам қазақстандық оқу курстарын сәтті аяқтаған. Олардың 43,3 мыңы – жұмыссыз азаматтар.

Курсты сәтті аяқтаған пайдаланушыларға электронды сертификат беріледі.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.