Елімізде әскери білім берудің тұтас жүйесі қалыптастырылды


Новости / 28 окт 2025 108

Бұл жүйе соғыс ісінің даму перспективаларымен, әскери құрылыс міндеттерімен өзара сабақтас және жаңа буындағы соғыстардың болжамды сипатын ескереді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев хабарлады. Оның мәліметінше, Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру құрылымына қазіргі уақытта әртүрлі деңгейдегі 9 әскери оқу орны кіреді. Олардың қатарында 3 әскери институт және Ұлттық қорғаныс университеті бар.

«Офицерлік кадрларды даярлау Қарулы Күштердің барлық әскер тектері мен түрлерінің негізгі мамандықтарын қамтиды және Қорғаныс министрлігінің үш әскери институтында жүзеге асырылады. Әскери оқу орындарындағы оқу процесі Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлық жоспарымен ықпалдастырылған. Қазіргі соғыстардың сипатының өзгеруі мен әскерлердің қажеттіліктерін ескере отырып, офицерлерді жаңа бағыттар бойынша даярлау басталды», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару, ақпаратты қорғау, криптология, автоматтандырылған басқару жүйелері бағыттары бойынша даярланады. Білім беру бағдарламаларын кеңейту азаматтық ЖОО-лармен академиялық ұтқырлық тетіктері арқылы іске асырылады.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.