Құрылтай сайлауы: сарапшылар «Әділет» партиясының бағдарламасы нақты әрі жан-жақты дайындалғанын атап өтті
Құрылтай сайлауы жақындағандықтан, сарапшылар науқанға қатысып жатқан партиялардың бағдарламаларын салыстыра келе олардың ішінен «Әділет» партиясының бағдарламасына ерекше тоқталды. Сарапшылардың бағалауынша, партияның сайлауалды платформасы Мемлекет басшысының саяси бағытының жалғасы іспетті. Құжат нақты мақсаттарымен, мерзімдерімен және іске асыру тетіктерімен ерекшеленеді. Сондай-ақ құжаттағы әлеуметтік міндеттемелер елдің экономикалық мүмкіндіктерімен нақты байланысып отыр.
Сарапшы Мадия Төребаеваның пікірінше, «Әділет» партиясының бағдарламасы сайлауға қатысқан жеті партияның ішіндегі ең біртұтас құжат.
«Егер сайлауға қатысып жатқан жеті партияның бағдарламаларындағы мақсаттарды сөзбен емес, оларды іске асырудың нақты тетіктері бойынша салыстырсақ, ең біртұтас бағдарлама ретінде «Әділет» партиясының платформасын атауға болады. Оның ерекшелігі – бағдарлама қоғамның әлеуметтік үмітін мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерімен ұштастыра білуінде», – деді ол.
Төребаеваның айтуынша, бүгінде сайлаушыларды ең алдымен баға, табыс, жұмыс орындары, медицина және білім беру мәселелері алаңдатады. Бұл ретте әлеуметтік мәселелерді шешу үшін құр уәде беріп қана қоймай, сол уәделерді орындау үшін қандай ресурстар барын айқындау аса маңызды.
«Өнімді экономика болмай табыс өспейді. Тұрақты бюджетсіз әлеуметтік міндеттемелерді орындау қиын, бизнесті дамытпай жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкін емес. Ал білім мен адами капиталға инвестиция салмай технологиялық жаңғыртуға қол жетпейді. Бұл кез келген сайлауалды бағдарламаның басты сынағы: оның қанша игілікке уәде беретіні емес, сол уәделерді жүзеге асыруға қажетті ресурстардың қайдан алынатынын түсіндіре алуы маңызды», – деп атап өтті сарапшы.
Саясаттанушы Лилия Маньшина да бағдарламаға осындай баға берді. Оның пікірінше, бұл сайлауда «Әділет» партиясы ең нақты жоспарлардың бірін ұсынып отыр.
«Меніңше, ең тұтас әрі жүйелі жоспарды «Әділет» партиясы ұсынды. Оның бағдарламасында нақты шаралар, мерзімдер мен көрсеткіштер қамтылған. Бағдарлама экономика, жұмыспен қамту, әлеуметтік сала, өңірлерді дамыту, сот төрелігі және басқа да бағыттарды қамтиды», – деді ол.
Маньшина мысал ретінде партияның 2031 жылға қарай тұрақты жұмыспен қамтуды, өңірдегі медианалық жалақыдан төмен емес еңбекақыны, әлеуметтік пакетті және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін кемінде 1 миллион сапалы жұмыс орнын құру мақсатын ерекшелеп өтті.
Сарапшы сондай-ақ өңірлерге сапар барысында «Әділет» кандидаттары жалпы бағдарламаның негізгі ережелерін жергілікті жерлердегі мәселелермен байланыстыра білгеніне назар аударады. Олардың қатарында жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, ауылды дамыту, энергетика, цифрландыру және сот төрелігі негізгі бағыттар ретінде айқындалған.
«Науқан аяқталуға жақындаған сайын партиялар арасындағы айырмашылық айқын көріне бастайды. «Әділет» партиясы Әділетті Қазақстанды нақты міндеттер мен оларды орындау мерзімдері арқылы сипаттайтын бағдарламасын ұсынды. Осы өлшем бойынша «Әділет» сайлаудан кейін өз міндеттемелерін іске асыруға барынша дайын партия ретінде көрінеді», – деп қорытындылады Маньшина.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.