Ұлттық экономика министрлігі: Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетуде


Новости / 25 сен 2025 111

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтің айтуынша, ағымдағы жылдың 8 айында ЖІӨ-нің өсімі 6,5%-ды құрады, оның ішінде нақты сектор 8,8%-ға, қызмет көрсету саласы 5,1%-ға өсті. Ең жақсы көрсеткіштерді көлік қызметтері, құрылыс, сауда, сондай-ақ тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы көрсетуде.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялар 14,3%-ға өсіп, 11,5 трлн теңгеге жетті. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда НКИ өсімін қаржылық және сақтандыру қызметі – 204 %, білім беру – 193%, өңдеуші өнеркәсіп – 134%, ауыл шаруашылығы – 129%, көлік – 115%, денсаулық сақтау – 115%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 111% көрсетті», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында.

2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға ТШИ жалпы ағыны 6,6 млрд долларды құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 %-ға артық.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.