ҚР Қаржы министрлігі: мемлекеттік мүлікті жекешелендіру тек қана ашық сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады


Новости / 12 июн 2026 35

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков атап өткендей, мемлекеттік активтерді басқарудың ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды құралы жыл сайынғы Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі ұлттық баяндама болып табылады. Ол Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыру шеңберінде қалыптасады және мемлекеттік сектордың тиімділігін стратегиялық талдау құралы ретінде қызмет етеді.

«2025 жылы жекешелендіру процесінің ашықтығын арттыру мақсатында заңнамалық деңгейде бәсекелестіктен тыс жекешелендіру түрлері алып тасталды. Олар - тікелей атаулы сату, кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру. Осылайша, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру тек қана e-qazyna.kz веб-порталында ашық сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады», – деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Әділбеков биыл да Оңтайландыру жоспарын іске асыру, процестерді одан әрі цифрландыру, мониторингті күшейту және активтерді экономикалық айналымға тарту басым бағыттар болып қала беретінін атап өтті.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.