«Әділет» партиясының сайлаулады керуені Жамбыл облысының ауылдарына жетті


Новости / 06 авг 2026 34

Осыдан екі апта бұрын Астанадан жолға шыққан «Әділет» партиясының мобильді керуені бес мың шақырым жолды артқа тастап, Жамбыл облысына келіп жетті. Бұл керуеннің жолы бүгін Жамбыл облысын аралап жүрген республикалық сайлауалды штабпен түйісіп, штаб төрағасы Айбек Дәдебай мен өзге кандидаттар керуенге мініп, облыстағы шалғай ауылдарға бірге барды.

Сапардың басты мақсаты – «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырып қана қоймай, ауыл халқының сөзіне құлақ асу, олардың ұсыныстарын жинап, ауыл адамдарын дәл бүгін, дәл қазір алаңдатып отырған мәселелермен танысу.

Керуен алдымен Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы ауылына барды. Кандидаттар 2,5% үстемемен жеңіл несие алып, өз шаруашылығын ашқан Қайрат Дүйсеқұловпен кездесті. Қайрат пен әйелі Сая Дүйсеқұлова жеңіл несиеге 14 бас ірі ұара алып, күніне шамамен 50 литр сүт алады және сол сүтін ауылдағы кооперативке тапсырып, табыс табады.

IMG_6764.jpg

Ерлі-зайыптының айтуынша, осындай бағдарламаның арқасында жастар ауылда қалып, бизнес бастап жатыр.

«Ауылда да жақсы табыс табуға болады. Осы бағдарламаның арқасында біз сияқты жас отбасылар өз кәсібін бастап, тұрақты табыс тауып, өз күнін өзі көре алады. «Әділет» партиясының бұл жобаны әрі қарай да дамытуды көздеп отырғаны қуантады. Сондықтан 23 тамызда отбасымызбен сайлауға барып, партияны қолдаймыз», - деді ерлі-зайыпты.

Осы ауылда мобильді керуен қатысушылары «Ауыл аманаты» жобасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған ALI-KO SUT сүт өңдеу кооперативінің жұмысымен де танысты. Бөлінген қаржыға мұнда сүтті қабылдау, салқындату, сақтау және өңдеуге арналған құрал-жабдық сатып алынған. Қазір кооперативте 10 адам тұрақты жұмыс істейді. Күн сайын 200-ге жуық ауыл тұрғыны осы жерге сүт өткізеді. Кәсіпорын жергілікті шаруашылықтардың өнімін өңдеп, дайын сүт өнімдерін шығарады.

IMG_6784.jpg

«Бүгінде ел халқының шамамен 37 пайызы ауылдық жерде тұрады. Соған қарамастан қала мен ауыл тұрғындарының табыс деңгейіндегі айырмашылық әлі де сол қалпы. Біз үшін адамның жай ғана жұмысы болғаны жеткіліксіз. Әр азамат тұрақты табыс тауып, өз еңбегінің қадірін сезініп, ертеңгі күніне сенімді болуы керек. Сондықтан «Әділет» партиясы «Ауыл аманаты» жобасын кезең-кезеңімен дамытып, оның аясын кеңейтуді және бір миллион ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыруды мақсат етеді», - деді партия кандидаттары.

IMG_6811.jpg

Одан кейін «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені Нұрлыкент ауылына барып, ауылдық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Нұрлыкент ауылында тұрғындар кандидаттарға өздерін толғандырған мәселелерді тікелей қойып, елді мекенді дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты. Соның бірі – халықтың қарыз жүктемесін азайту.

Бұл ретте партия өкілдері «Қарызсыз қоғам» бағдарламасын одан әрі жалғастыру керек екенін атап өтті. Өйткені, бұған дейін күрделі қарыз жағдайына тап болған шамамен 1 миллион азамат партияға жүгінген. Сондықтан партия құқықтық және консультациялық көмекті жүйелі түрде көрсетуді жалғастырмақ. «Біз адамдардың жұмыс орны тұрақты, ал табысы лайықты болуы үшін қосымша қолдау шараларын ұсынамыз. Бұл ауыл үшін ерекше маңызды. Өйткені шағын бизнес пен кооперация отбасыларға туған жерінен көшпей-ақ табыс табуға мүмкіндік береді», - дейді кандидаттар.

Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.