Өңіраралық көші-қонның теріс сальдосы төрт есеге қысқарды


Новости / 31 окт 2025 112

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Аскарбек Ертаевтың айтуынша, солтүстік және оңтүстік өңірлер арасындағы демографиялық теңсіздікті азайту мақсатында еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Өңірлер арасындағы көші-қонның теріс сальдосы төрт есеге азайды.

«2025 жылдың 9 айында ішкі көші-қон үдерістеріне 328 мың адам қатысты. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында ішкі мигранттар саны 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,8%-ға артты. Негізгі ағым Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалады. Олардың үлесіне жалпы ішкі көші-қонның 51%-ы тиесілі. Ішкі экономикалық ұтқырлықты ынталандыру бойынша жұмыс жалғасуда», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.