Инфляцияның баяулауы халықтың табысына қысымды төмендетеді


Новости / 07 окт 2026 28

Қазақстандағы инфляция жүйелі түрде бәсеңдеуін жалғастыруда. 2026 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция тамызбен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа төмендеп, 9,3%-ға дейін баяулады. Бір айдағы бағаның өсуі 0,6%, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Инфляцияны бәсеңдетудегі негізгі үлесті азық-түлік тауары бағасының өсу қарқынының төмендеуі жалғастыруда. Қыркүйекте азық-түлік тауары бағасы бір айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді. Дефляция екінші ай қатарынан байқалады. Нәтижесінде жылдық азық-түлік инфляциясы 8,5%-ға дейін бәсеңдеді (тамыздағы 9,5%-дан).

Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бойынша баға жағдайы тұрақты болып қалады. Азық-түлік емес инфляция жылдық мәнде 11%-ға дейін бәсеңдеді. Ақылы қызмет бағасының өсуі 8,9% деңгейінде сақталды.

Инфляциялық процестердің баяулауы аясында 2026 жылғы екінші тоқсанда халықтың нақты ақшалай табысы 0,7%-ға өсті. Инфляцияның одан әрі төмендеуі бағаның өсуінің халық табысына әсерін азайтады.

Инфляцияны тежеу – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Үкімет жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Бағаны тұрақтандырумен қатар, Жоспарда еңбекақыны арттыру, оның ішінде ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен көтеру, жаңа әрі сапалы жұмыс орындарын ашу, еңбек өнімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және қосылған құны жоғары салаларды дамыту шаралары қарастырылған.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.