Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық өткен жылдан 1,8 есеге төмен


Новости / 23 сен 2026 35

Қазақстанда күзгі маусым басталғалы бері ЖРВИ жағдайлары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге аз тіркелді. Тұмау жағдайлары тіркелген жоқ, сондай-ақ елде бұрын белгісіз болған жаңа респираторлық вирустар анықталған жоқ, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Денсаулық сақтау министрлігі қыркүйек айынан бастап ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша сырқаттанушылыққа апта сайын мониторинг жүргізіп келеді.

Қыркүйек айының басынан бері елде 51 937 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,8 есеге төмен. Бүгінгі таңда тұмау жағдайлары тіркелген жоқ.

COVID-19 бойынша да төмендеу байқалады. 2026 жылдың басынан бері коронавирус инфекциясының 87 жағдайы тіркелді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 есеге аз.

COVID-19 басқа да маусымдық респираторлық вирустармен қатар айналымда жүр. Бұл ретте Қазақстанда бұрын белгісіз болған жаңа вирустар анықталған жоқ.

Күз мезгілінде респираторлық инфекциялардың айналымы дәстүрлі түрде күшейеді. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайды апта сайын бақылауды жалғастыруда.

ЖРВИ, тұмау және басқа да респираторлық инфекциялардың профилактикасы үшін:

  • үй-жайларды үнемі желдетіп тұру;
  • қолды жиі жуу және жеке гигиена ережелерін сақтау;
  • мүмкіндігінше ауру белгілері бар адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;
  • сырқаттанушылық жоғары кезеңде адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
  • жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен немесе шынтақтың бүгілген жерімен жабу;
  • дене қызуы көтеріліп, жөтел, тамақ ауруы және басқа да ауру белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.

Қарапайым профилактикалық шараларды сақтау маусымдық респираторлық инфекцияларды жұқтыру және олардың таралу қаупін азайтуға көмектеседі.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.