Қазақстандық өндірушілердің жаңа нарықтарға шығуын қолдау шаралары кеңейтілуде


Новости / 16 сен 2026 8

ҚР сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековтің айтуынша, қаржылық және қаржылық емес шаралар бар.

«Біріншіден, шетел нарықтарында өнімді сертификаттауға жұмсалған шығындар, сондай-ақ көлік және маркетингтік шығындар өтеледі. Сонымен қатар жаңа экспорттаушыларға арналған экспорттық акселерация бағдарламасы іске асырылуда. Биыл экспортқа шығуға дайын 125 компания іріктелді. Бағдарлама аясында кәсіпорындардың экспорттық әлеуеті, өнімді тұрақты жеткізу мүмкіндігі және жаңа нарықтарға шығуға дайындығы бағаланады. Іріктелген компанияларға оқыту жүргізіліп, олардың өнімдеріне қолайлы нарықтар анықталады. Сондай-ақ әр кәсіпорын үшін қай нарықта өнімге сұраныс жоғары екені және қандай баға саясаты тиімді болатыны ескеріліп, жеке экспорттық стратегия әзірленеді», – деді спикер баспасөз конференциясында.

Бұдан бөлек, Экспорттық-кредиттік агенттік тарапынан да бірқатар қолдау шаралары ұсынылады. Олардың қатарында экспорттық тәуекелдерді сақтандыру, шетелдік сатып алушының сенімділігін тегін тексеру, қазақстандық тауарларды сатып алушыларға саудалық қаржыландыру ұсыну және кәсіпорындардың айналым капиталын толықтыру мүмкіндігі бар.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.