Қазақстанда жеті айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді


Новости / 19 авг 2026 5

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 92,3 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Биылғы жоспар – 20,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе шамамен 188 мың тұрғын үй. Осылайша, бүгінгі таңда жылдық жоспардың 47,5%-ы орындалды.

Жаңа тұрғын үй салумен қатар, азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары да жүзеге асырылуда. Биыл 155,5 млрд теңгеге 12 мың кредиттік тұрғын үй пәтерін салу және сатып алу көзделген. Сонымен қатар 269 млрд теңгеге 13,5 мың жалға берілетін тұрғын үй пәтерін сатып алу жоспарланып отыр.

Жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Жыл басынан бері азаматтарға 2-5% мөлшерлемемен жалпы сомасы 72,7 млрд теңгеге 5,1 мың несие берілді.

Сондай-ақ «Наурыз» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 339,2 млрд теңгеге 11,5 мың қарыз берілді.

Еліміздің өңірлерінде тұрғын үй салу және халыққа тұрғын үйді қолдау тетіктерін іске асыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.