Курорттық аймақтардағы инфрақұрылым жетілдіріліп жатыр


Новости / 29 сен 2025 113

ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаевтың айтуынша, курорттық аймақтарда инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда.

8 аймаққа жүргізілген екі реттік іссапар нәтижесінде 38 жаңа санитарлық торап, 45 биотуалет, 90 шешіну және 73 душ кабинасы және т.б. орнатылды.

«Өңірлерге жағалау аймақтарын қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру жөнінде ұсыныстар жолданды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар 48 бейнебақылау камерасы қойылып, интернетпен қамту аймақтары кеңейтілді. Жүзу маусымында қауіпсіздікті күшейту үшін Жалпы су пайдалану қағидалары қабылданды.

Фото: gov.kz

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.