1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі – Шымкент әкімі


Новости / 11 дек 2025 164

Тұрғындарды баспанамен қамту басты назарда. Биыл 1 млн 375 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Қазіргі кезде оның 982 мың шаршы метрі пайдалануға берілді, - деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

«Жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек ретінде табыс деңгейі төмен 388 отбасыға тұрғын үй сертификаттары берілді. Реновация бағдарламасы аясында апатты деп танылған 12 үйдің иелеріне 120 жаңа пәтер табысталды», - деді спикер.

Оның мәліметінше, биыл 3 808 пәтерлік 61 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 2 574 пәтерлі 34 тұрғын үй тапсырылады. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 523 пәтер сатып алу жоспарланған.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.