Өзіңізді кибералаяқтардан қалай қорғауға болады: министрліктің ұсынымдары


Новости / 22 июл 2026 19

ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевтің айтуынша, мемлекет азаматтардың киберқауіпсіздігін өз бетінше арттыруына мүмкіндік беретін бірқатар цифрлық сервис енгізді.

Атап айтқанда, eGov Mobile қосымшасындағы «Stop Credit» сервисі арқылы азаматтар өз атына несие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым сала алады. Дербес деректерге қолжетімділікті бақылау сервисі жеке деректерді өңдеуге қай ұйымдарға келісім берілгенін тексеруге және қажет болған жағдайда бұл келісімді кері қайтарып алуға мүмкіндік береді. NomadGuard платформасы жеке деректердің интернетке таралу қаупін анықтап, фишингтік сілтемелерді тексеруге көмектеседі.

Сонымен қатар, азаматтарға арналған тегін білім беру ресурстары да қолжетімді. Олардың қатарында UNICEF-пен бірлесіп әзірленген балалар мен ата-аналарға арналған eGov платформасындағы жаңа онлайн-курс бар. Онда кибербуллинг, онлайн-груминг, дербес деректерді қорғау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық мәселелері қамтылған.

«Сонымен қатар, әрбір азаматқа мынадай қарапайым киберқауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береміз: SMS-кодтарды, құпиясөздерді және банк карталарының деректерін ешкімге хабарламаңыз; күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс жіберушілердің хабарламаларына жауап бермеңіз. Жеке деректерді енгізер алдында сайттың немесе қосымшаның мекен жайын мұқият тексеріңіз. Күрделі әрі бір-біріне ұқсамайтын құпиясөздерді пайдаланыңыз. Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, CitizenSec платформасында азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге арналған кибергигиена негіздері бойынша оқу курстары жұмыс істейді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.