Жасыл экономика мен мықты инфрақұрылым: «Әділет» партиясының Көкшетаудағы кездесуі қалай өтті


Новости / 31 июл 2026 33

Өңірлерді аралап жүрген «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Ақмола облысына келіп жетті. Көкшетаудағы Bolashaq сарайында өткен кездесуде бірнеше маңызды салалар, соның ішінде өңірдің инфрақұрылымы мен жасыл экономиканы дамыту мәселелері талқыланды.

Урбанист Расим Хамитов Экология және абаттандыру мәселесін қозғай отырып, партия бағдарламасындағы көгалдандыру, экологиялық мәдениетті дамыту және қалада жайлы орта құруға қатысты бастамаларына қолдау танытты.

«Біз партияның экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасына шынайы алғысымды білдіргім келеді. Бұл бағдарлама жай ғана экологиялық акция емес, ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа айналды», - деді ол.

WhatsApp Image 2026-07-31 at 15.25.50.jpg

Құрылтай депутаттығына кандидат Рауан Кенжеханұлы партияның сайлауалды бағдарламасына енген экологиялық шаралар арасында Қазақстандағы орман алқабын 14,5 млн гектарға дейін ұлғайту туралы ұсыныс бар екенін мәлім етті. Сондай-ақ 2030 жылға қарай таза энергия көздерінің үлесін кемінде 15 пайызға, ал 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

WhatsApp Image 2026-07-31 at 15.25.51.jpg

Бағдарламаның тағы бір бағыты – инфрақұрылым болды. Бұл бағытта жолдардың, жылу желілерінің, су құбырларының және өзге де базалық инфрақұрылымның жай-күйі сөз болып, Құрылтай депутаттығына кандидат Юлия Кучинская партия бағдарламасында осы бағытта көзделген шараларды таныстырды.

«Еліміз бойынша 86 мың шақырым инженерлік желі салынып, қайта жаңғырады. Бұл олардың орташа тозу деңгейін қауіпсіз деп саналатын 40 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2029 жылға дейін республикалық маңызы бар 10 мың шақырым жол жөнделіп, жергілікті және аудандық жолдардың нормативтік талапқа сай үлесі 95 пайызға дейін жеткізіледі», - деді Юлия Кучинская.

WhatsApp Image 2026-07-31 at 15.25.52.jpg

Ал, республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айбек Дәдебай Ақмола облысының тұрғындары айтқан ұсыныстар партияның «Қуатты өңірлер – қуатты ел» бағыты бойынша алдағы жұмысына енетінін атап өтті. «Біз өңірлерге дайын жауаптармен келмейміз. Тыңдап, естіп және бірге шешім іздеу үшін келеміз. Бүгін айтылған барлық ұсыныс пен ескерту – алдағы жұмысымыздың басты бағдары», - деп түйіндеді Айбек Дәдебай.

WhatsApp Image 2026-07-31 at 15.25.53 (1).jpg

Республикалық сайлауалды штабтың өкілдері бір аптадан бері еліміздің өңірлерінде кездесу өткізіп жатыр. Ақмола облысына дейін олар Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды және Ұлытау облыстарында болды.

Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.