Жаңа нормалар өңірлерде халық үшін су тарифтерін теңестіруге көмектеседі


Новости / 20 окт 2025 124

Кейбір өңірлерде ауыз судың тарифі халық үшін тым жоғары деңгейде қалып отыр. Республика бойынша қалаларда 1 текше метр судың орташа тарифі – 100 теңге, ал ауылдарда 5 000 теңгеге дейін жетеді.

Мәселен, Қостанай облысында екі көршілес ауылда сумен жабдықтау қызметтерінің тарифтері әртүрлі. Бір ауылдың тұрғындары 1 текше метр су үшін 100 теңге төлесе, екінші ауыл тұрғындары толық тариф бойынша 1000 теңге төлейді.

Бұл мәселені шешу үшін Министрлік тиісті шаралар қабылдап жатыр. Олардың бірі – 1 текше метр ауыз су үшін төлем мөлшерін есептеу әдістемесін қабылдау.

«Қабылданған нормалар өңірлерде халықтың бір текше метрге төлейтін су бағасын орташа деңгейге теңестіруге мүмкіндік береді», – деді ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.