Қызылорда облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымы жаңғыртылуда


Новости / 22 дек 2025 158

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірдің барлық аудандарында 28 медициналық нысан салынды. Бұл туралы ОКҚ алаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев айтты.

«Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана орталығы салынуда. Төрт аудандағы орталық ауруханалар жанынан жаңа қосымша ғимараттар бой көтерді. Екі ауданда жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараттары салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Қан орталығы ашылды. Жақын күндері облыс орталығында 200 орындық перинаталдық орталық ғимараты мен 500 орындық емхананының құрылысы басталады. Сонымен қатар, Қызылорда қаласында 400 орындық емхананың құрылысы қолға алынады», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Оның айтуынша, барлық елді мекендердегі денсаулық сақтау ұйымдары арнайы қызметтік автокөліктермен 100% қамтамасыз етілді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.