Xaqmedia.kz сайтына 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернеталаңды ұсынудың жалпы шарттары


Новости / 15 июл 2026 5

Xaqmedia.kz сайтына https://xaqmedia.kz/ 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернеталаңды ұсынудың жалпы шарттары, тəртібі жəне ақы мөлшері туралы.

Құрметті әріптестер!

Сайлауалды науқан кезеңінде ақпараттық кеңістікте тұрақты әрі кәсіби жұмыс жүргізу – сайлаушылармен тиімді байланыс орнатудың маңызды құралдарының бірі.

Біз саяси партияның сайлауалды науқанын кешенді ақпараттық сүйемелдеу қызметін ұсынамыз. Қызмет аясында партияның ресми ақпараттық ресурстарына арналған фото, бейне, мәтіндік контент дайындалып, сондай-ақ орындаушының жеке медиа алаңдарында да жариялау арқылы ақпараттық қамту ауқымы кеңейтіледі.

Біздің мақсатымыз – партияның ақпараттық кеңістіктегі белсенділігін қамтамасыз ету, өткізілетін іс-шараларды жедел жариялау, сапалы мультимедиалық контент әзірлеу және бірыңғай визуалды коммуникацияны қалыптастыру.

Үгіт материалдарының көлемі, орналастыру мерзімі, саны жəне өзге де талаптар саяси партияның жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен шартта бекітіледі. Өтініштер олардың келіп түсу кезектілігі бойынша тіркеледі. Əрбір өтінішке тіркеу нөмірі беріліп, өтініштердің тіркеу журналында тіркелген күні көрсетіледі. Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. Саяси партияны тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Саяси партияның атынан əрекет етуге уəкілеттік берілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;
  3. Өтініш берген тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі; 

  4. Шарт жасасуға қажетті өзге де құжаттар.

Xaqmedia интернет порталының ақпараттық сайтының ПРАЙС БАҒАМЫ (Бағасы(ҚҚС)-сыз):

  • Басты бетке дайын материалды жариялау (9 000 таңба мен 4 фото) - 200 мың теңге

  • Басты бетке редакциялық журналист дайындаған материалды жариялау (8 000 таңба мен 5 фотосуретке дейін) - 400 мың теңге

  • Жаңалықтар лентасына редакциялық журналист дайындаған ақпаратты жариялау (6 000 таңба мен 3 фотосуретке дейін) - 150 мың теңге

  • Жаңалықтар лентасына дайын ақпаратты жариялау (5 000 таңба мен 2 фотосуретке дейін) - 100 мың теңге

  • Ақпараттық агенттіктің басты бетіне дайын баннерді орналастыру (Бір апта) - 650 мың теңге

  • Ақпараттық агенттіктің екінші бөлігіне дайын баннерді орналастыру (Бір апта) - 450 мың теңге

  • Facebook әлеуметтік желісіндегі «Xaqmedia» Парақшаларына дайын жазбаны жариялау - 100 мың теңге

Xaqmedia әлеуметтік желілеріне таратылатын видео контент ПРАЙС БАҒАМЫ (Бағасы (ҚҚС)-сыз):

  • Студиялық сұхбат :

    1. 30 мин.- 700 мың 40 мин. - 800 мың
    2. 60 мин. - 900 мың
    3. 60 мин. жоғары - 1,3 млн теңге.
  • Деректі фильм дайындау және орналастыру - 20 млн тенге.

  • Zoom сұхбат :

    1. 30 минут.-400 мың
    2. 40 мин. -500 мың
    3. 60 мин. -700 мың
    4. 60 мин. жоғары -800 мың теңге.
  • Сұхбаттың 3 қиындысы әлеуметтік желілерге тарату - 500 мың теңге.

  • YouTube-ке бейне сюжет дайындау және орналастыру 10-15 мин - 500 мың теңге.

  • Instagram мен TikTok-қа бейнеролик жариялау (Reels, Shorts және карусель) - 600 мың теңге.

  • Instagram мен TikTok-қа дайын бейнеролик орналастыру (Reels, Shorts және карусель) - 500 мың теңге.

  • Кәсіби фоторепортаж - 100 фото 300 мың теңге.

Бағалар келісімді, нақты ұсынысқа жеңілдіктер қарастырылған

Қызмет көрсету мерзімі: сайлауалды науқанның толық кезеңі.

Дайын бейнематериалдар орындаушының жеке медиа платформаларынан бөлек партияның ресми ақпараттық ресурстарына ұсынылады.

Бұл ақпараттың кең аудиторияға таралуына және партияның ақпараттық кеңістіктегі көрінуін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба командасы

Жобаға төмендегі мамандар тартылады:

  • жоба жетекшісі;
  • бас редактор;
  • журналист;
  • оператор;
  • фотограф;
  • бейнемонтаж маманы;
  • SMM маманы;

Ынтымақтастық нәтижесі

Ақпараттық сүйемелдеу нәтижесінде партия:

  • ақпараттық кеңістікте өз жұмысы туралы тұрақты әрі жағымды имидж қалыптастырады;
  • ресми ресурстарын сапалы контентпен тұрақты толықтырады;
  • кәсіби фото, бейне және мәтіндік материалдарға ие болады;
  • бірыңғай визуалды стиль қалыптастырады;
  • әлеуметтік желілердегі белсенділігін арттырады;
  • орындаушының медиа ресурстары арқылы қосымша аудиторияны қамту мүмкіндігіне ие болады.

Шарт бойынша үгіт материалдарын орналастыру ақысы Сайт ұсынған төлем шоты негізінде шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленуге тиіс.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.