Вегетация кезінде Алматы мен Жетісу облыстарында 2,5 млрд текше метр су алынды


Новости / 10 сен 2025 117

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі су шаруашылығы жағдайына тоқталды. Оның айтуынша, Алматы және Жетісу облыстарында вегетация кезеңі қалыпты өтіп жатыр, аграрлық секторды сумен қамтамасыз етуде айтарлықтай қауіптер байқалған жоқ.

Қазіргі уақытта 269 мың га-дан астам жер суарылды: Алматы облысында – 136 мың га, Жетісу облысында – 133 мың га.

«Вегетация басталғалы Жетісу облысында 1,2 млрд м³-ден астам, Алматы облысында 1,3 млрд м³ су алынды. Суару маусымының соңына дейін шамамен қосымша 40 млн текше метр су алу жоспарланған. Бұл су пайдаланушылардың қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік береді», - деді спикер.

Су ресурстары бассейндерде бекітілген кестеге сәйкес тиімді бөлініп жатыр. Суару жұмыстары қыркүйек айының соңына қарай аяқталады деп күтіліп отыр.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.