Тараздағы зауыттың 200-ден астам жұмысшысы «Әділет» партиясының бастамаларын қолдады
Тараз қаласында «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық сайлауалды штабының мүшелері «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытының еңбек ұжымымен кездесті. Зауыттағы 200-ден астам жұмысшы партияның еңбек қауіпсіздігі, зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қорғау сияқты бастамаларына қолдау танытты.
Жамбыл облысы – Қазақстандағы химия өнеркәсібінің ірі орталығы. Мыңдаған жұмысшы ұзақ жылдар бойы ауыр өндірістерде қызмет етіп жүр.
«Қазфосфат» ЖШС ұжымымен өткен кездесуде кәсіпорынның өндірістік-техникалық бөлім басшысы Жанәділ Аңқабаев ұзақ жылдар бойы зиянды өндірісте еңбек еткен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселесін көтерді. Ол еңбек өтілі жеткілікті азаматтардың 55 жастан бастап жұмыстан шығып, зейнет жасына дейін арнайы әлеуметтік төлем алуына мүмкіндік беретін мамандықтар мен лауазымдар тізімін қайта қарауды ұсынды.
Одан кейін зауыт жұмысшылары қазақстандықтардың көбін мазалайтын мәселе – зейнетақы қорын пайдалануға қатысты сұрақ қойды.
ауыттың бас инженерінің орынбасары Қайсар Алдахметов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақты пайдалану бағыттарын, оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін кеңейту мәселесін қозғады.
Зауыт қызметкерлерінің сауалдарына жауап берген Құрылтай депутаттығына кандидат Нұрбек Матжани партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген тұрғын үй саясатының негізгі бағыттарына тоқталды.
«Біз жан басына шаққандағы тұрғын үймен қамту көлемін 25 шаршы метрден 30 шаршы метрге дейін ұлғайтуды ұсынамыз. Сондай-ақ цифрландыру арқылы тұрғын үй несиесін алу тәртібін барынша түсінікті әрі қолжетімді еткіміз келеді. Осы шаралардың нәтижесінде шамамен 30 мың апатты және ескі тұрғын үй иесі заманауи әрі қауіпсіз баспанаға көшеді. Ал үлестік құрылыс нысандары толық аяқталғаннан кейін 3 мыңнан астам отбасы көптен күткен пәтеріне қол жеткізеді», - деді Нұрбек Матжани.
Партия өкілдері атап өткендей, бұндай бастамалар Президенттің курсын жалғастырады, ал ол курстың мән-мағынасы – еңбек адамы мен оның қауіпсіздігі және өмірі. Сондықтан, тұрғын үй, еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелері бір-бірінен ажырамайтын бір жүйе ретінде қарастырылып отыр.
«Қазфосфат» қызметкері Батырбек Көлекеев кәсіпорында «Әділет» партиясының 200-ден астам мүшесі еңбек ететінін айтты. Оның сөзінше, партияның сайлауалды бағдарламасы еңбек ұжымы тарапынан қолдау тауып отыр.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.