Табиғи өрттердің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде


Новости / 01 окт 2025 109

Табиғи өрттердің алдын алу және халықты қорғау бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Өрт қауіпті маусым аяқталуға жақын, дегенмен өрт жағдайын бақылау тәулік бойы жалғасуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев хабарлады.

Оның айтуынша, «Табиғат» ақпараттық жүйесі, орман шаруашылығын бейнебақылау, ғарыш мониторингі және геоақпараттық жүйе арқылы кешенді бақылау жүргізіледі. Бұл өрт ошақтарын дереу анықтап, әрекет етуге мүмкіндік береді.

«Әуеден бақылап жедел ден қою үшін су шашатын құрылғылары бар авиация жұмылдырылған. 31 орманшылықта 37 механикаландырылған күзет бекеті орналастырылды. Олар өртті дер кезінде анықтап сөндіруді қамтамасыз етеді», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.