Су тасқынына дайындық: жолдардың жағдайы тәулік бойы бақыланады


Новости / 30 мар 2026 20

Су тасқыны жағдайы жыл сайын өзгеріп отырады. Кейбір жаңа қауіпті учаскелер бұрын қауіп тіркелмеген жерлерде де пайда болуы мүмкін. Сондықтан жаңа учаскелерде су жайылу қаупі сақталып, тұрақты бақылауды қажет етеді. Жалпы ұзындығы 25 мың шақырым автожолдар желісінде 1 429 көпір және 15 458 су өткізу құбыры бар.

«Су тасқынына дайындық аясында олардың барлығы толық тазартылды. Қазіргі таңда еріген суды өткізу үшін 974 құбыр пайдаланылуда. Су тасқынына қарсы жұмыстарға 988 бірлік техника тартылып, арнайы кезекші бригадалар жасақталған. Барлық қызметтер проблемалық учаскелерге жедел шығуға дайын. Қазіргі уақытта жолдардың жағдайы тәулік бойы бақылауда. Үздіксіз патрульдеу жүргізіліп, гидрологиялық жағдайдағы кез келген өзгеріске жедел әрекет жасалуда. Барлық жұмыстар нақты уақыт режимінде үйлестіріледі», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.