Сот сараптамалары орталығы зертханалары заманауи жабдықтар сатып алады


Новости / 24 сен 2025 113

Қазіргі уақытта Сот сараптамалары орталығы ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының міндеттерін рет-ретімен іске асыруда.

Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – зертханаларды жаңа синтетикалық есірткілерді анықтауға және зерттеуге арналған заманауи құралдармен кезең-кезеңімен жабдықтау. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов хабарлады.

«Биыл зертханалық жабдықтардың бағалары қайта қаралып, өзектендірілді. Бұл шара бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, сонымен қатар сатып алу көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Егер бастапқыда 9 жабдық алу жоспарланған болса, бағаларды қайта қарағаннан кейін 32 құрылғы сатып алуға мүмкіндік пайда болды» - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Оның айтуынша, бұл жабдықтар сарапшыларға есірткі заттарының іздік мөлшерін анықтауға, олардың химиялық құрылымын дәл белгілеуге және заңсыз нарықта жиі пайда болып жатқан жаңа синтетикалық есірткілерді дер кезінде тануға мүмкіндік береді. Жабдықтарды ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында пайдалануға беру жоспарланған.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.