Ренат Бектұров: Адам капиталы – ел болашағын айқындайтын басты басымдық


Новости / 29 июл 2026 57

«Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері арасында ұлттық теледебат өтті. Сайлау науқаны аясындағы алғашқы пікірсайыс «Қазақстанның болашағы – адам капиталы» тақырыбында болды. Теледебат барысында «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Ренат Бектұров адам капиталын дамыту ел болашағын айқындайтын басты басымдық екенін айтты.

Кандидат өз сөзінде білім, денсаулық және ұлттық құндылықтар мемлекеттің ұзақмерзімді дамуының негізгі тірегі екенін жеткізді. «Мен өз сөзімде үш негізгі ақиқат туралы бөлісейін. Бірінші ақиқат – білім. Тек қана білімді қоғам қуатты мемлекет құра алады. Сондықтан біздің басты ұстанымымыз – адамға білім беру», – деді Ренат Бектұров.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың нәтижесі бүгінде білім беру саласында нақты көрініс тауып отыр.

«Соңғы үш жылда елімізде жүздеген жайлы мектеп салынды. Әлемнің жетекші университеттерінің филиалдары ашылып, біздің жастарымыз әлемдік олимпиадаларда үздіктерімен иық тірестіріп жүр. Сондықтан білімге салынған әрбір теңге – елдің болашағына салынған инвестиция», – деді кандидат

Сондай-ақ ол денсаулық сақтау саласына тоқталып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екеніне тоқталды.

«Біздің партиямыздың алдына қойған мақсаты – алдағы бес жылда орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа жеткізу», – деді Ренат Бектұров.

Кандидат үшінші басымдық ретінде қоғамдағы еңбекқорлық, жауапкершілік, әділдік пен отаншылдық құндылықтарын атады. «Бұл саланы баланың кішкентай кезінен бастау керек деп сенеміз. Сондықтан алдағы бес жылда мектептерде 300 мың, балабақшаларда 79 мың жаңа орын ашамыз. Құрметті қазақстандықтар, бұл жай бағдарлама емес, бұл – нақты іс жоспары», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, теледебатта 7 саяси партияның өкілдері бір алаңда бас қосып, сайлауалды бағдарламалары мен ел дамуына қатысты ұстанымдарын таныстырды.

Пікірсайысқа «Әділет» партиясынан Ренат Бектұров, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Тазабек Сәмбетбай, «Байтақ» партиясынан Нұргүл Қадырбаева, Қазақстан Халық партиясынан Ислам Сұңқар, «Ауыл» партиясынан Серік Егізбаев, «Ақ жол» партиясынан Олжас Нұралдинов және «Respublica» партиясынан Екатерина Смолякова қатысты.

Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.