ҚР АШМ: майлы дақылдар бойынша биыл 4 млн тоннаға дейін өнім түседі деп күтілуде


Новости / 22 окт 2025 103

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, биыл егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары аясында дәнді-бұршақты және майлы дақылдарға ерекше көңіл бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі қазірдің өзінде байқалуда: 774 мың гектар немесе 99% бұршақты дақылдар орылып, алғаш рет 1 млн тонна өнім жиналды.

«Майлы дақылдар бойынша шамамен 4 млн тонна көлемінде рекордтық өнім алу күтілуде. Қазіргі уақытта 2,8 млн гектар немесе 71%-ы жиналып, 3,3 млн тонна майлы дақыл бастырылды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, республика бойынша картоп 130 мың гектардан немесе 99% алаңнан жиналып, 2,9 млн тонна өнім алынды. Көкөністер 129 мың гектардан немесе 99% алаңнан жиналып, 3,9 млн тонна өнім алынды. Бақша дақылдарының жинау жұмыстары аяқталды, 94 мың гектар алаңнан 2,6 млн тонна өнім жиналды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.