Мектептерде 1,7 млн оқушыға тегін ыстық тамақ беріледі


Новости / 03 окт 2025 105

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Ақмарал Мақұлбекованің айтуынша, 2025-2026 оқу жылында жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік мектептердегі 1,7 млн оқушыға, оның ішінде 1,4 млн-нан астам бастауыш сынып оқушыларына және әлеуметтік санаттың 285 мың 5-11 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырды.

«Оқушыларға бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерден 2025 жылға 192,1 млрд теңген қаржыландыру қарастырылған», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер Оқу-ағарту министрлігінің белгіленген талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қағида мектептердегі тамақтану қызметін ұйымдастыруға арналған әкімшілік және құқықтық негіздерді белгілейді.

Тамақтану қызметін көрсету тәртібі, жеткізушілерді таңдау және конкурс өткізу механизмдері нақты анықталған. Әр мектепте тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмыс істейді.

Фото: Shutterstock

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.