Медициналық ЖОО-ларда тәуелділікті зерттеумен айналысатын пәндерді енгізу жоспарланған


Новости / 14 янв 2026 155

ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ Медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәра Сәрсенбаева Нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру нәтижелері, сондай-ақ 2026-2028 жылдардағы Денсаулық сақтау министрлігі жұмысының бағыттары туралы хабардар етті. Оның айтуынша, алдыңғы жоспарды іске асыру аясында Министрлік негізгі индикаторларға қол жеткізді. Оның ішінде, есірткі тұтынудың латенттілігін төмендету қамтамасыз етілді. Синтетикалық препараттарды қолданумен байланысты диагноздар бойынша динамикалық бақылауға алғаш рет алынған адамдар саны жоспарланғандай 10%-дан 20%-ға өсті. Бұл наркологиялық көмектің анықталуы мен қолжетімділігі артқанын көрсетеді, деді Гүлнәра Сәрсенбаева.

«Кәмелетке толмағандар бойынша тұрақты оң нәтижеге қол жеткізілді: ұзақ мерзімді ремиссиямен динамикалық бақылаудан алынған балалар, жасөспірімдер үлесі 25% құрады, жоспар 18% болған. Бұл емдеу және оңалту шаралары тиімді екенін көрсетеді. Медициналық-әлеуметтік оңалту жүйесі дамып келеді. Жоспарды іске асырудың қорытындысы бойынша өз еркімен емделген пациенттердің 30%-ы медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламаларымен қамтылды», - деді спикер.

Жаңа жоспарда Денсаулық сақтау министрлігі 33 іс-шараны іске асыруға қатысады.

«Жоспар шеңберінде профилактика, скрининг, емдеу жүйесін жетілдіру, оңалту жүйесін дамыту және оларды ұлттық стандарттарға бейімдеу мақсатында халықаралық тәжірибені зерделеу жөніндегі шаралар көзделген. Еліміздің барлық өңірлерінде есірткіге тәуелділерді оңалту моделі қолданылады. Амбулаториялық медициналық-әлеуметтік оңалтуды кеңейту, медициналық жоғары оқу орындарына «Аддиктология» пәнін, яғни химиялық және химиялық емес (құмар ойындар және т.б.) тәуелділікті зерттейтін ғылымды енгізу жоспарланған», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.