«IT-Aiel» жобасы: мыңдаған әйел цифрлық мамандықтарды игерді
Цифрлық дағдыларды дамытуға, қаржылық сауаттылықты арттыруға және жаңа мансаптық мүмкіндіктерін құруға бағытталған әйелдерге арналған «IT-Aiel» бағдарламасы 2023 жылдан бері іске асырылып келеді. Үш жылда Қазақстанның барлық өңірлерінен 23 мыңнан астам қыздар мен әйелдер тегін оқудан өтті.
«IT-Aiel» жобасы жаңа цифрлық мамандықтар мен технологиялық индустриялардың есігін ашады. Бұл промт-инжиниринг, чат-бот жасаушы, графикалық дизайнер, бейнемонтажер, бағдарламалық жасақтама тестері, ноу-код және төмен код бағдарламалау сияқты мамандықтар.
«IT-Aiel» жобасының арқасында көптеген әйелдер жұмысқа орналасуға және өз істерін бастауға мүмкіндік алды», — деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның мәліметтері бойынша, қатысушылардың 70%-дан астамы 36 мен 45 жас аралығында, шамамен 19%-ы 45+ әйелдер.
«Биыл «IT-Aiel» жобасы Қазақстан шекарасынан асты: 78 қатысушы –Өзбекстан, Түркия және Қырғызстандағы қандастар. Олар әлеуметтік желілер арқылы жоба туралы біліп, тіркеліп, оқи бастады», - деп қосты спикер.