IT-Aiel және AqylTech: әйелдер мен жастарға жаңа цифрлық мүмкіндіктер


Новости / 04 мар 2026 20

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Nazarbayev University вице-президенті Гүлмира Қанайдың айтуынша, «IT-Aiel» жобасы – әйелдерге арналған цифрлық мүмкіндіктер платформасы. Жоба аясында 21 000-нан астам әйел білім алды.

«Бұл – тек оқыту емес. Бұл – экономикалық қайта әлеуметтендіру. Әсіресе 40-тан асқан әйелдер үшін бұл – жаңа өмір бастау мүмкіндігі. Қатысушылар промпт-инженер, чат-бот жасаушы, ЖИ-графикалық дизайнер, бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеуші, цифрлық маркетинг, e-commerce сияқты мамандықтарды меңгеруде. Сонымен қатар киберқауіпсіздік, интернет-алаяқтықтан қорғану, қаржылық сауаттылық негіздері де қамтылған. 2025 жылы жобаға Өзбекстан, Түркия және Қырғызстаннан әйелдер қатысып, олардың үлесі 7%-ды құрады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар 2025 жылы «AqylTech» жобасы аясында қаржылық сауаттылық, киберқауіпсіздік негіздері және жаңа ЖИ мамандықтары жаппай оқыту жүргізілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6 264 адам сертификат алып, 1 600-ден астамы жұмысқа орналасты немесе фриланс болып істей бастады. Екі жоба да онлайн форматта үш ай бойы жүзеге асырылады.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.