ІІМ есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтуде


Новости / 05 сен 2025 114

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, осы жылдың 8 айында есірткі қылмыстары 3%-ға артық анықталды.

Барлығы 2 388 қылмыс анықталды. 14 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды, оның үшеуі трансұлттық. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 13 жетекшісі мен 52 белсенді қатысушысы қамауға алынды.

«Заңсыз айналымнан 13,5 тонна есірткі тәркіленді. Бұл ретте синтетикалық түрлері өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артық болды және 1 100 тоннадан асты. Осылайша, 7 миллионнан астам доза есірткі заттары заңсыз айналымға жіберілмеді. 105 жасырын есірткі зертханасы жойылды, олардың 12-сі синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан. Жалпы 24 мың тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді», - деді спикер.

Сонымен қатар, 114 өңіраралық есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды, 2 сыртқы канал жабылды.

Фото: gov.kz

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.