«Есіктен есікке»: «Әділет» партиясының кандидаттары үй-үйді аралап, тұрғындардың ұсынысын тыңдады


Новости / 02 авг 2026 44

«Әділет» партиясы сайлау науқаны аясында «Әр дауыс – әділетке бастар қадам» ұранымен барлық өңірде «Есіктен есікке» акциясын өткізіп жатыр. Аймақтық штаб өкілдері, Құрылтай депутаттығына кандидаттар мен партия белсенділері үй-үйді аралап, тұрғындарға «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырып, халықтың ұсыныс-пікірін жинауда.

Акцияның басты мақсаты – халықпен тікелей байланыс орнатып, қазақстандықтарға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру. Акция барысында партия өкілдері қала мен ауыл тұрғындарының үйін аралап, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бастамаларды таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдайды. Сондай-ақ кандидаттар олардың сауалдарына да жауап береді. Бұл жұмыс еліміздің барлық өңірінде қатар жүргізіліп жатыр. Партия өкілдерінің сөзінше, акция барлық облысты, қала мен ауылды қамтып, бірде-бір елді мекен назардан тыс қалмайды.

1.jpg

Тұрғындармен кездесулерде елді мекендерді абаттандырудан бастап, коммуналдық инфрақұрылым, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау және ауылдарды дамытуға сияқты өзекті мәселелер талқыланады. Бұл халыққа күнделікті өмірде кездесетін мәселелер бойынша ұсыныс-тілектерін ашық жеткізуге мүмкіндік береді.

«Әр кездесу – партия бағдарламасын таныстыру ғана емес, халықтың пікіріне құлақ асу. Осындай ашық диалогтың нәтижесінде нақты ұсыныстар қалыптасып, елге қажет шешімдер қабылданады», – дейді Құрылтай депутаттығына кандидат Қалия Төленова.

Ол Петропавл қаласының тұрғындарымен кездесіп, партия бағдарламасындағы негізгі бастамаларды таныстырып қана қоймай, олардың қаланы көгалдандыру, әлеуметтік сала және облыс орталығын дамытуға қатысты ұсыныстарын жинады.

2.jpg

Ал Жетісу облысында акция бірнеше бағытта қатар жүзеге асырылып жатыр. Белсенділер тұрғын үйлерді аралаумен қатар, адам көп жиналатын орындарда жұртшылықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны таныстырып жүр.

Қызылорда облысында облыстық штаб өкілдері мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қаратөбе ауылының тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде ауылды дамыту, денсаулық сақтау, жастарды қолдау және ауылдағы өмір сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жақсарту және әлеуметтік қолдау тетіктерін күшейту туралы ұсыныстарын айтты. Мұндай кездесулер Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында да ұйымдастырылып жатыр.

3.jpg

Тараз қаласында Құрылтай депутаттығына кандидат Шолпан Кариева көшпелі штаб мүшелерімен бірге «Ауыл Береке» базарында кәсіпкерлермен, сатушылармен және тұрғындармен кездесті. Кейін олар Әйтеке би тұрғын үй алабында «Есіктен есікке» акциясын өткізіп, халықпен пікір алмасты.

«Біз үшін сайлауалды бағдарламаны таныстырумен қатар, әр адамның пікірін тыңдау да маңызды. Тұрығындармен ашық диалог құру тиімді шешімдер қабылдауға және әділетті өзгерістерге жол ашады», – деді Шолпан Қариева.

4.jpg

Ақтөбеде Құрылтай депутаттығына кандидат Ербол Данағұлов тұрғындармен кездесулер барысында партия бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Атап айтқанда, әлеуметтік саясатты дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, экономиканы жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу жөніндегі бастамаларды таныстырды.

«Біз әрдайым ашық диалогқа дайынбыз. Өйткені халықтың пікірі қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған шешімдердің негізіне айналуы тиіс», – деді Ербол Данағұлов.

Акция еліміздің ірі қалаларын да қамтып отыр. Алматы, Астана және Шымкент қалаларында партия өкілдері күн сайын үй-үйді аралап, тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін жинауда. Сайлау науқаны басталғалы бері бір ғана Алматы қаласында осындай 64 кездесу өтіп, 26 мыңнан астам тұрғынмен жүздесу ұйымдастырылған.

5.jpg

Партия өкілдерінің айтуынша, «Есіктен есікке» акциясы сайлауалды науқан аяқталғанға дейін жалғасады. Оның негізгі мақсаты – бағдарламаны таныстырумен қатар, тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың сұранысы мен ұсынысын алдағы жұмыстар барысында ескеру.

Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.