«Әділет» партиясының штабы Көкшетауда мектептерге жасанды интеллект енгізу мәселесін талқылады


Новости / 01 авг 2026 33

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілдері Көкшетауға барып, кәсіпкерлермен, педагогтермен және қоғам белсенділерімен кездесті. Басқосу барысында білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу, кәсіпкерлікті қолдау және өңірлерді дамыту мәселелері талқыланды.

«Bolashaq» сарайында өткен кездесуде партия төрағасы Айбек Дәдебай мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламаға енген бастамаларды таныстырып, өңір тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Колледж оқытушысы Нұржамал Оспанова мектептерде жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, балаларды ерте жастан цифрлық және жасанды интеллект дағдыларына баулу қажет. Сондай-ақ колледждерде робототехника мен цифрлық инженерия салалары бойынша мамандар даярлау керегін атап өтті.

Кәсіпкерлер де өз ұсыныстарын жеткізді. Кәсіпкер Индира Нұрлан өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын «бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай цифрлық платформаға біріктіруді ұсынды. Оның айтуынша, бұл кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты бір жерден алып, өтінім беріп және оның қаралу барысын онлайн бақылап отыру үшін қажет.

Кездесуде экология мен қаланы абаттандыру мәселелері де кеңінен сөз болды. Урбанист Расим Хамитов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасының маңызын атап өтіп, қалаларды көгалдандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарға жайлы орта құру жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді.

Кездесу соңында партия өкілдері өңірлерді дамыту әрқашан басым бағыттардың бірі болып қала беретінін мәлімдеді. Олардың айтуынша, облыс орталықтарын дамытуға, шаруалардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және өңдеуші кәсіпорындарды қолдауға ерекше көңіл бөлінбек. Осы арқылы жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып, өңірлік экономика дами түспек.

Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.