«Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидаттар СҚО-да этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті


Новости / 17 авг 2026 24

«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Солтүстік Қазақстан облысына келіп жетті. Құрылтай депутаттығына кандидаттар педагогтермен, өнеркәсіп саласының жұмысшыларымен, спортшылармен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты.

«Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидаттар СҚО-да этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Солтүстік Қазақстан облысына келіп жетті. Құрылтай депутаттығына кандидаттар педагогтермен, өнеркәсіп саласының жұмысшыларымен, спортшылармен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты.

IMG_0128.JPG.jpeg

Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен өткен жиында елдегі қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау, өңірлерді дамыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, мәдени бастамалар мен қоғамдық диалогты дамыту мәселелері талқыланды. Кандидаттар атап өткендей, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал азамат» концепциясының негізгі мақсаты да сол - этностар арасындағы татулық пен бірлікті нығайту екенін атап өтті.

IMG_0138.JPG.jpeg

Сонымен қатар, бұл бағытта «Әділет» партиясының бағдарламасы өңірлерде жастарға арналған жаңа кеңістіктер, соның ішінде коворкингтер, жасөспірімдер клубтары мен комьюнити-орталықтар құруды көздейді.

Құрылтай депутаттығына кандидаттар Константин Петров пен Геннадий Зенченко партия бағдарламасына сай, 2030 жылға қарай АӨК өнімдерінің экспортын 3,5 есеге арттырып, қайта өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. «Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін жай ғана өндіру емес, оны ел ішінде қайта өңдеп, қосылған құны жоғары өнім жасау маңызды. Бұл – жаңа кәсіпорындар, жұмыс орындары және ауыл тұрғындарының табысы. Алайда кадр болмаса, агроөнеркәсіп кешені одан әрі дамымайды. Сондықтан жас мамандар ауылда жұмыс істеу мен өмір сүрудің болашағын көре алатындай жағдай жасауды ұсынамыз», – деді Геннадий Зенченко.

IMG_0140.JPG.jpeg

Айта кетейік, «Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы 18-ші өңір ретінде Солтүстік Қазақстан облысына барды. Кандидаттар облыс аумағындағы Қызылжар, Мамлют, Шал ақын және Мағжан Жұмабаев аудандарында да бірқатар кездесу өткізді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.