«Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» – жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің жаңа сапалы жобасы


Новости / 02 апр 2026 23

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаевтың айтуынша, жұмыспен қамту саласын дамыту бүгінде жаңа сапалы кезеңге өтуде. Бұл – мемлекет азаматтың өтінішін күтпей, алдын ала әрекет ететін проактивті модельге көшу.

«Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» жобасын енгізу жоспарланып отыр. Оның мақсаты – азаматты анықтаған сәттен бастап тұрақты жұмысқа орналасқанға дейін толықтай дербестендірілген сүйемелдеуді қамтамасыз ету. Бұл деректер мен жасанды интеллект технологияларына негізделеді. Қазіргі таңда проактивті модельді іске асыру үшін қажетті база дайын», – деді спикер ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында.

Вице-министрдің айтуынша, бұл механизмнің жұмысы жасанды интеллект модельдері арқылы жүзеге асырылады. Олар азамат туралы біріктірілген мәліметтерді (білімі, мамандығы) пайдаланып, оның дағдылары мен мансаптық қызығушылықтарын нақтылау үшін қысқа профилирлеуден өтуді ұсынады. Сонымен қатар, жүйе азаматтарға сәйкес келетін бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеп, проактивті түрде ұсынуға мүмкіндік береді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.