Қазақстанның шикізаттық емес экспорты өсіп келеді
2026 жылдың қаңтар-шілде айларында шикізаттық емес тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға өсіп, 52,2 млрд АҚШ долларына жетті. Шикізаттық емес экспорт көлемі 19,5%-ға артып, 18,6 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы экспорт құрылымындағы шикізаттық емес тауарлардың үлесі 36,5%-дан асты. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков хабарлады.
Оның айтуынша, Шикізаттық емес экспорттың негізгі бөлігін машина жасау, химия, тамақ және металлургия өнеркәсібі өнімдері құрайды. Әсіресе металлургия саласында айтарлықтай өсім байқалады. Тазартылған мыс пен катодтар экспорты 49%-ға өсіп, 3,38 млрд АҚШ долларына жетті.
«Қазақстанның шикізаттық емес экспортының негізгі нарықтары қатарында Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдері бар. Сонымен қатар шикізаттық емес экспорттың жетекші бағыттарының қатарына Ұлыбританияға, Тәжікстан және Франция елдері кіреді», - деді спикер баспасөз конференциясында.
Ағымдағы жылы Қазақстанның шикізаттық емес экспортының өсімі уран, күнбағыс майы, бидай ұны, күміс және басқа да тауарларға қамтамасыз етілді.