Қазақстанда шегірткеге қарсы науқан сәтті аяқталды: егістіктерге зиян келген жоқ


Новости / 27 июл 2026 31

Бүгінгі таңда ел аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары толық көлемде аяқталды. Химиялық өңдеу жұмыстары 1,8 млн гектар алқапта жүргізілді. Барлық жұмыстар тиісті сапаны қамтамасыз ете отырып, оңтайлы мерзімдерде орындалды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктеріне зиян келтіру фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков хабарлады.

«Өңдеу жұмыстарына 556 бірлік арнайы бүрку техникасы тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық. Зерттеп-тексеру іс-шараларына шамамен 3,5 мың адам қатысты, бұл фитосанитариялық мониторинг жүргізу мүмкіндіктерін едәуір күшейтті. Жоғары биологиялық тиімділігі бар пестицидтер қолданылды. Сонымен қатар, шегірткеге қарсы іс-шараларға қатысты азаматтардың өтініштерін жедел қарау мақсатында арнайы call-орталық пен Telegram-бот жұмыс істеді. Өңірлерде барлық мүдделі қызметтердің жұмысын үйлестірген жедел штабтар тұрақты негізде қызмет атқарды», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Комитет төрағасының айтуынша, шекара маңындағы аумақтардағы фитосанитариялық жағдай тұрақты. Үйірлі шегіртке зиянкестерінің көші-қону жағдайлары тіркелмеген.

Фото: АШМ

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.