Қазақстанда өңірлік экологиялық саммит өтеді


Новости / 03 апр 2026 15

2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Қазақстанда Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Маңызды халықаралық іс-шараны елімізде өткізу бастамасын Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында көтеріп, халықаралық қоғамдастықтың қолдауына ие болды. Бұл бастама – өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның дәйекті саясатының қисынды жалғасы. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымы-мен серіктестікте өткізіледі. ЮНИСЕФ, Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік және Халықаралық энергетикалық агенттік сияқты ірі ұйымдар негізгі сараптамалық және мазмұнды қолдау көрсетеді.

ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың айтуынша, саммит нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. «Саммит қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының экология және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық туралы бірлескен декларациясы қабылданады деп күтілуде. Қабылданған шешімдерді іске асыру құралы ретінде БҰҰ агенттіктерімен бірлескен Орталық Азияның тұрақты болашағына арналған өңірлік іс-қимыл бағдарламасы әзірленеді. Бағдарлама саммиттің негізгі бағыттары бойынша өңірлік бастамаларды қамтиды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, саммитке қатысу үшін қазірдің өзінде 2800-ден астам адам тіркелген, оның ішінде мыңнан астамы – шетелдік қатысушылар. Сондай-ақ 93 жоғары деңгейдегі қонақтың, оның ішінде мемлекет басшыларының, халықаралық ұйым жетекшілерінің, министрлер мен делегация басшыларының қатысуы күтілуде.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.