Қазақстанда 26,9 млн тонна астық бастырылды


Новости / 28 окт 2025 107

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,9 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 99,2%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,9 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3,7 млн тонна майлы дақыл, гектарына 226,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп және гектарына 297,3 центнер өнімділікпен 3,8 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 333,4 ц/га өнімділікпен 497,5 мың тонна қырыққабат, 429,9 ц/га өнімділікпен 1058,5 мың тонна пияз, сондай-ақ 283 ц/га өнімділікпен 387,7 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.