Қазақстан XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындарына дайындалуда


Новости / 20 окт 2025 125

Қазіргі таңда ұлттық құрама Сурдлимпиада ойындарына дайындықтың шешуші кезеңінде. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті Серік Сәпиев хабарлады.

Оның айтуынша, сурдоспортшылар еліміздің абыройын халықаралық аренада абыроймен қорғап келеді.

«Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан спортшылары сегіз Сурдлимпиадаға қатысып, 42 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын, 8 күміс және 26 қола. 2022 жылы Бразилияда өткен ойындарда ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 13-орынға ие болды», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Биыл XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары 15-26 қараша аралығында Токиода өтеді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.