Қазақстан өңірлерінде жылыту маусымы басталуда


Новости / 24 сен 2025 122

Қалған өңірлерде жылыту маусымы белгіленген кестеге сәйкес, температуралық режимге байланысты басталады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев хабарлады.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары аяқталу кезеңіңде. Павлодар облысында жылыту маусымы басталды. Осы аптада Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында жылыту маусымы басталады деп күтілуде.

«Электр желілері бойынша 17 мың шақырым желіні 420 қосалқы станцияны жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 16 мың км желі мен 373 қосалқы станцияда жөндеу жұмысы толығымен аяқталды. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Оның айтуынша, биыл электр станцияларында 10 энергоблокты, 63 қазандықты және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 6 энергоблокта, 29 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды.

Фото: Энергетика министрлігі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.