Астанада күрестен әлем чемпионаты алдында халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтеді


Новости / 18 авг 2026 5

Күрес түрлерінен әлем чемпионатына дайындық жарыс аренасымен ғана шектелмейді. 18-23 қазан аралығында Астанадағы Халықаралық күрес академиясының базасында Чемпионат алдындағы халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтеді. Бұл туралы Қазақстандық күрес федерациясы бас хатшысының м.а. Гүлбарам Құлахметова ОКҚ алаңында хабарлады.

«Жоспар бойынша 350-ден астам балуан дайындықтан өтеді. Олардың қатарында АҚШ, Жапония және басқа да жетекші күрес елдерінің өкілдері бар. Яғни әлемнің мықты балуандары Қазақстанға тек жарысқа қатысу үшін емес, Чемпионат алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізу үшін де келеді», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.