Атқарушылық іс жүргізуге жасанды интеллектіні енгізу жұмыстары жүргізілуде


Новости / 23 окт 2025 127

ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұл құрал азаматтарға арналған цифрлық көмекші болып табылады және олардың құқықтарын қорғауға, объективті ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Негізгі функциялары: жеке сот орындаушыларының іс-қимылдарының толықтығын мониторингтеу; азаматтарды олардың ісінің мәртебесі мен қабылданған шаралар туралы хабардар ету; шағымдарды дәлелді түрде дайындауға көмек көрсету; жүйенің ашықтығы мен сенімділігін арттыру», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, сот орындаушылары үшін де интеллектуалды көмекші әзірленген, ол мерзімдерді бақылау мен еске салуды; рәсімдердің дұрыстығын талдауды; жұмысты оңтайландыру бойынша ұсыныстар беруді; қателер мен әрекетсіздік тәуекелдерін автоматты түрде анықтауды қамтиды.

«Бұл шешімдер атқарушылық іс жүргізудің сапасының жаңа стандартына айналып, заңдылықты сақтауға, әкімшілік жүктемені азайтуға және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал етті», - деді вице-министр.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.